KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Ризашылық – Добрата во благо дома» атты қайырымдылық мерекесі

    «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызының бастамасымен барлық жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап «Ризашылық – Добрата во благо дома» атты қайырымдылық мерекесі жыл сайын өткізіліп келеді.

     Бұл жылы іс-шара тақырыбына тәрбиеленушілерде азаматтық пен патриоттық, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуді, оның тарихы мен мәдениетіне құрметпен, туған өлкенің табиғатын аялап, қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне мақтанышпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен» атауы ұсынылған.

    Осы қайырымдылық мерекесі аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілерін арнайы экскурсияға шақырды. Орталық директоры Жүсіпәлиев Марат Қамбарұлының өзі бастап келген 16-23 жас аралығындағы жастар алдымен бас аванзалға жасалған «ЕЛБАСЫ, «Нұрлы жол», МӘҢГІЛІК ЕЛ» атты кең көлемді кітап көрмесінен таныстырылды.

     Мәңгілік Ел-ұлтымыздың түпқазығы;

     Ел мен Елбасы;

     Табыс формуласы: Елбасы, халық, жасампаздық идясы;

     Ұлттықбірлік – тәуелсіздік тұғыры;

    Нық сеніммен болашаққа – атты бөлімдерден тұратын кітап көрмесіне Елбасы мен еліміздің тарихындағы қоғамдық маңызды оқиғалар туралы баяндайтын әдебиеттер қойылған.

    Содан кейін жастар азаматтардың ақпараттық, мәдени және әртүрлі сала бойынша қажеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін кітапхана бөлімдерін аралады. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзі сыйға тартқан кітаптар және Қазақстанның даму жолдары, шетелдермен халықаралық байланыстарының нығаюы туралы материалдар мен әдебиеттер жинақталған « ҚР Тәуелсіздік залы» зор қызығушылық тудырды. Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург «Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасымен» танысты. Жазушының жеке кітапханасында 8 мыңға жуық әдебиеттер бар. Кітапханаға есімі берілген ақын, драматург, әдебиет және театр зерттеушісі, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаев мұражайында болып, ол кісінің өз қолымен жазған құнды қолжазбаларын, кітаптары және жазушының көп жыл пайдаланған жеке заттары: жазу столы,құралдары, фотоальбомдары, ескерткіш жазулары бар сувенирлерін көрді.

     Экскурсияны жүргізген өнер бөлімінің меңгерушісі Баян Үмбетова орталық тәрбиеленушілерін кітапхана оқырманы болуға, барлық жағдай жасалған, кең әрі әсем залдарда білім бұлағы – кітаптармен сусындап, газет-журнал парақтап, ғаламторға шығып, мәдени іс-шараларға қатысып, рухани демалуға шақырды.

      Кітапхананың дәріс залында облыстық филармония артистері ән-биден тарту жасады.

     Іс-шараны «Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жүсіпәлиев Марат Қамбарұлы қортындылап, облыстық кітапхана мен облыстық филармония ұжымына алғыс айтты.

 


 


 


26 қараша 2015 ж. 11:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x