Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналғын кешӘ.«Тәжібаев оқулары» аптылығының аясында, 4 ақпанда «Ой деген бір мұхит қой түбі терең» атты ақынның бюсті жанында ақынның өлеңдері оқылып, естеліктер айтылып, гүл шоғын қою рәсімі өткізілді. Іс - шара жалғасы Тәжібаев мұражайында «Қосып сырға сағынышын ақынның, Жүзіп келе, жүзіп келе жатырмын» атты жыр сайысымен жалғасты. Кешке ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбділда Тәжібаевтың туысқаны Несібелі Рахмет қатысып, сөз сөйлеп, қазылар алқасының төрағасы болды. Жыр сайысына арнау жазып келген қатысушы жастар арасынан жүлделі орын иелеріне сыйлықтар табысталды. Іс – шарада ақынның қарындасы Несібелі Рахмет сөз сөйледі.
|