«Терроризм және оның зардаптары»26 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Терроризм және оның зардаптары» атты видео-сабақ ұйымдастырылды. Видео-сабақтың мақсаты жастарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу; бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. Аталған шараға облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы жедел уәкілі полиция майоры Сатқынбай Сәбит Ханзадаұлы қатысып, «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында баяндама жасады. «XXI ғасыр қаупі – терроризм» атты кітап көрмесіде оқырмандарға ой салды. Іс – шара барысында тақырыпқа сай бейне ролик көрсетілді. Қатысушылар телефон терроризмі, экстремистік танылған ұйымдар, әлеуметтік желілердегі діни үгіт насихат, жиһад сөзінің мағынасы туралы мағлұмат алды. Бүгінгі жастар – алғыр, барлық заманауи технологиялық құралдарды меңгеруде, кез келген басқа елдің жастарымен зияткерлік деңгейі жағынан терезелері тең. Сондықтан жастар жалған уағызшылардың шақыруына алданбай әрбір іс-әрекеттері мен қадамдарын ақылға салып жүргені жөн.
|