KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Ана деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр-көктем» атты мерекелік кеш өтті.

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында«Ана деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр-көктем» атты мерекелік кеш өтті.

     Кештің мақсаты: Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейрімінен тарайтынын ұғындыру. Аяулы аналарымызды, қырмызы қызғалдақ қыздарды мерекесімен құттықтау.

     Егемендігіміз еңсесін көтерген шақта Қазақстан әйелдері отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар оң өзгерістердің белсенді іске асырушылары және жарқын жетістіктердің негізін қалаушылары болып табылуда. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.А. Мырзамұратова құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

     Мерекелік кешке 34 жастағы «Батыр Ана» Гулбану Жеткербаева құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылды.

Сонымен қатар Қазақ гуманитарлық заң және техникалық, М.Ықсанов атындағы политехникалық және «Өркениет» медициналық колледждерінің өнерлі жастары қатысып өз өнерлерін көрсетті.

     Шара соңында «Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


 

 

 




 


 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

04 наурыз 2016 ж. 16:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x