«Масленица» - қысты шығарып салу мерекесі

    Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазірде қазақ елі, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет». Қазақстан - бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты ел.

     Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Елімізде Наурыз, Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл, Сабантүй кең көлемде тойланады.

     Масленица мерекесі халқымыздың асыға күтетін мерекелерінің бірі.

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 11 наурыз күні «Масленица» мерекесін өткізді.

Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы мерекесіне арналған. Масленица – Ұлы ораза алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке.

     Бұл бір күндік мереке емес. Мереке - бүкіл апта бойына жалғасады, осыдан келіп Ұлы ораза алдындағы «соңғы жетілік» атауы шыққан. Жалпы масленица аптасының әр күнінің өз атауы болған: дүйсенбі – «кездесу», сейсенбі – «ойынның қызығы», сәрсенбі – «тәтті тамақ», бейсенбі – «серуен, қыдыру», жұма – «қайынене үйіндегі кеш», сенбі – «қайынапа отауындағы отырыс», және ең ақырында, «кешірімді жексенбі» деп аталатын, масленица бітетін жетінші күн, бұл күні араздасқан адамдар бір-бірінен кешірім сұрасады, Ұлы ораза алдында рухтарын тазартады.

Мерекелік шарада кітапхана басшысы Мырзамұратова Нұржамал Ахметқалиқызы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.

     «Масленица»мерекесіне №198 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Олар би билеп, ән салып, түрлі халықтық ойындар ойнады. Мерекеде №4 С.Сейфуллина атындағы қазақ орта мектебінің «Самұрық» би тобы, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің «Звездочки» би тобы, «Сәулет-Нұрайы» балабақшасының бүлдіршіндері өнерлерін көрермендерге паш етті.

    №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің оқушылары және «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы өкілдері орыс халқының әндері мен частушкаларын орындады. Балалар халықтық ойындарды құмарта ойнады. Мерекелік шараға этно-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Аванзалда «Здравствуй, Масленица» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мереке соңында қатысушылар дәстүрлі дастархан мәзірінен дәм татты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


11 наурыз 2016 ж. 17:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: