Ақпарат күні

    2016 жылдың 18наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ауылшаруашылық әдебиеттер және техникалық әдебиеттер бөлімі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жерге орналастыру» факультеті оқытушылары мен студенттері үшін жаңа әдебиеттерді насихаттау мақсатында ақпарат күнін өткізді.

    Көрмеге қойылған техника, ауылшаруашылығы, жаратылыстану және экономика саласы бойынша жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасалды. Сонымен қатар ақпарат күніне қатысушыларға «Эталон» мәліметтер базасынан өнеркәсіп саласы, оның ішінде мұнай және газ ісі, тау кен өндірісі, металлургия, сәулет және құрылыс саласына қажетті ақпарат алуға мүмкіндік бар екендігі айтылды.

    Шараға қатысқан кафедра меңгерушісі Абзал Тілеубергенұлы, профессор Серікбай Имантайұлы және басқа да оқытушылар жаңа әдебиеттердің таныстырылымы студенттердің де білімін тереңдетуге зор мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

 

 

 

 


18 наурыз 2016 ж. 18:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: