ИСАЕВ ИБРАГИМ (1949-2014)
1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық творчествосы үйінде нұсқаушы-методист, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиеті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-сцена» журналында бас редактор, «Сақшы – На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. «Алтын сырға» (1974), «Таң алдындағы ән» (1976), «Тербеледі қайыңдар» (1981), «Жанымның жарығы» (1983), «Салқын сәуле» (2008) атты кітаптары жарық көрген. 2008 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясымен екі томдық шығармалары жарық көрді. Өлеңдер топтамасы «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына, «Қайталанбас дауыстар» Сыр саңлақтарының антологиясына енген. Өлеңдері венгр, болгар тілдерімен қоса, туысқан республикамыздың біраз тілдеріне аударылған. Коми әдебиетінің негізін салушы И.Куратовтың, орыс ақыны Н.Рубцовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Жас жазушылардың Бүкілодақтық ҮІ кеңесіне қатысқан. 1200-ден астам әнге өлең жазып, бірнеше рет халықаралық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Үш рет өлеңдеріне жазылған ән альбомы жарық көрді. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. 2014 жылы 27 желтоқсанда Алматы қалысында дүниеден өтті. Әдебиеттер: Исаев И. Алтын сырға: Өлеңдер / И.Исаев.- Алматы: Жазушы,1974.- 88 бет. Исаев И. Жанымның жарығы: Өлеңдер мен баллада. – Алматы: Жазушы, 1983. – 80 б. Исаев И. Муһәббәт арзуси: Қазақстанның композиторларының әндері / И.Исаев; К.Қуатбаев.-Алматы: Мектеп, 1970.- 7 бет.-(Ән) Исаев И. Салқын сәуле: Жыр кітабы / И.Исаев.- Алматы: Жазушы, 2008.- 176 б. Исаев И. Таң алдындағы ән / И.Исаев.- Алматы: Жалын, 1976.- 100бет. Исаев И. Тербеледі қайыңдар: Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1981. – 96 б. Исаев И. Шығармалары. Екі томдық / И.Исаев; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.-Астана: Фолиант, 2008.- (Сырдария кітапханасы) *** Исаев Ибрагим //Жыр маржаны : Қазақ поэзиясының антологиясы : 10 томдық / құраст.: М.Құлкенов, Г. Мұқышева. – Алматы : Мерекенің баспалар үйі, 2014. – 5-том.-497-504 бет. Исаев Ибрагим //Қайталанбас дауыстар. Сыр саңлақтарының антологиясы =Неповторимые голоса. Антология мастеров Сырдарьинского региона. - [Қызылорда?]: [Б.б.], 2011. – 73 б. Исаев Ибрагим //Қазақ әдебиеті Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна, 2005. – 252 бетте. Исаев Ибрагим //Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы. 3-том : Бейбіт күн. Қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдері, тақпақтары, санамақтары, мазақтамалары, жұмбақтары, жаңылтпаштары, жаңа ертегі-дастандары / құраст. Б. Қошым-Ноғай. – Алматы : Әдебиет, 2021. – 268-271 б. Исаев Ибрагим //Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004. – 152бетте. Исаев Ибрагим //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 192 б. Исаев Ибрагим //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 288-289 б. Исаев Ибрагим //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 256 б. Исаев Ибрагим // Сыр журналистикасының тарихы. – Қызылорда, 2021. – 5-том.- 34 б. Исаев Ибрагим //Сырдың сырлы шежіресі. – Қызылорда : Тұмар, 2014. – 36 б. Исаев Ибрагим //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 132 б. Кiребайұлы А. Дос көңiлi: Өлең ; Ибрагим Исаевқа // Кiребайұлы А.Сейхундария.- Қызылорда : Тұмар, 2006.- 116-117 б. Сәулебек А. Ибрагим Иса //Сәулебек А. Тарихы терең Тартоғай : Энциклопедиялық кітап / А. Сәулебек. – Алматы : Үш қиян, 2015. – 92-98,205-206 б. Абызов Б. Өтеді өмір, ағады өзен..: Қазақстанның көрнекті ақыны Ибрагим Исаның рухына өлең / Б. Абызов //Сыр бойы.- 2015. - 21 қараша (№ 176/177). - 8 б. Ақмырзаев М. Көшелерге атау беру және қайта атау туралы / М.Ақмырзаев //Ақмешіт ақшамы.- 2018. - 10 мамыр (№ 18). - 2 б. Ақмырзаев М. Көшелерге атау беру және қайта атау туралы / М. Ақмырзаев //Ақмешіт апталығы.- 2018. - 15 мамыр (№ 35). - 2 б. "Ауылға барғым келеді" дейтін еді...: Ақын Ибрагим Исаевтың қазасына орай //Сыр бойы.- 2014. - 31 желтоқсан (№ 194). - 4 б. Аяшұлы Д. Сыр бойы енді сағынар сізді...: Ақын Ибрагим Исаев жайлы / Д. Аяшұлы //Ақмешіт апталығы.- 2015. - 21 ақпан (№ 14). - 2 б. Әбдiкәрiмов С. Мәскеудiң төрiнде мақталған ақын немесе "Гүлдер" әнi қалай жазылып едi?: Ақын Ибрагим Исаев жайында // Алматы ақшамы.- 2009. - 8 қаңтар (№ 2). - 30 б. Әбдiкәрiм С. Өлеңмен өрiлген өмiр: [Ақын Ибрагим Исаевтың шығармашылығы туралы] // Заң газетi.- 1999.- 10 ақпан (N 6).- 8 б. Әбдірашев Ж. Жан сырым: Ақын Ибрагим Исаев шығармашылығы хақында / Ж.Әбдірашев //Кітап жаршысы.- 2012. - қазан (№10). - 3 б. Әбілда, Ғ. "Сағым дүние" / Ғ. Әбілда // Сыр бойы.- 2019. - 5 наурыз (№33). - 3 б. Ақын Ибрагим Исаевтың 70 жылдығына арналған "Сағым дүние" еске алу кеші өтті. Әуелбек, Ә. "Өткен күннің отына жылынып жүр дегейсің..." / Ә. Әуелбек // Almaty aqshamy (Алматы ақшамы). – 2019.- 14 ақпан (№ 20).- 30 б. Байдәулетова Қ. Ең керемет ескерткіш: Сазгер Қ. Құрманәлі мен И. Исаевтың «Ш. Қалдаяқовқа арналған «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әнінің шығу тарихы туралы //Айқын. – 2007. – 12 маусым. Балғабаев С. Поэзияға бар өмірін арнаған: Ақын Ибрагим Исаевты еске алу / С. Балғабаев //Қазақ әдебиеті.- 2015. - 16 қаңтар (№ 1/2). - 15 б. Балғабайқызы, Ә. "Мен өзімді өз сөзіммен өлшедім..." / Ә. Балғабайқызы ; жазып алған Т. Алдабергенқызы // Túrkistan (Түркістан). – 2019.- 2 mamyr (№ 17).- 5 б. Батталова А. Ақынның шығармашылық кеші: Ақын Ибрагим Исаның 60 жасқа толуына арналған " Сағым дүние..." атты шығармашылық кеші өтті / А. Батталова //Сыр бойы.- 2009.-15 мамыр. Беркінбаев Д. Қаламгерлер оқырманымен қауышты: Ақын Ибрагим Исамен облыстық кітапханада "Бір өлеңі-бір әлем" атты кездесу кеші өтті / Д.Беркінбаев // Сыр бойы. - 2009. - 27 ақпан. - 4 б. Дәрібаева Ж. Жүрегіне жыр ұялаған: Көрнекті ақын, "Алаш" әдеби сыйлығының иегері И.Исаевтың поэзиясы жайлы / Ж. Дәрібаева // Сыр бойы.- 2015. - 21ақпан (№ 26). – 8 б. Жандәулетұлы Н. Жыршыл жүрек, арман кеуде...: Ақын Ибрагим Исаев шығармашылығы туралы. / Н. Жандәулетұлы //Ана тілі.- 2014. - 19-24 желтоқсан (№ 51). - 8 б. Ибрагим Исаев: 66 жасқа қараған шағында көрнекті ақын Ибрагим Исаев дүниеден өтті //Қазақ әдебиеті.- 2015. - 16 қаңтар (№ 1/2). - 15 б. Исаев И. Ақын деген әдемі атым кез келген сыйлықтан кем емес: Ақын И.Исаевпен әңгіме /Әңг. Қ.Байдәулетова //Айқын апта.- 2009. - 21 мамыр (№89). -8-9 б. Ибрагим Исаев : Бейнетім де, зейнетім де - поэзия / әңг. Р. Ескендір // Алматы ақшамы. – 2015.- 31 қаңтар (№ 11).- 14 б. Исаев И. Мені «Шәмші әндерінің» байқауына шақырған емес: Ақын И. Исаевпен сұхбат /сұхб. Е. Сапаров //Айқын. – 2007. – 9 маусым. – 5б. Исаев И. Сатирадан басталған ақындық: Ақын И.Исаевпен сұхбат / Сұхб. Г.Бектасова // Түркістан. - 2009. - 7 мамыр. - 12 б. Көшелерге атау беру және қайта атау туралы // Ақмешіт ақшамы.- 2018. - 10 мамыр (№ 18). - 2 б.; Ақмешіт апталығы.- 2018. - 15 мамыр (№ 35). - 2 б. Ақсуат ауылдық округі, «Наурыз» саяжай көшесіндегі №8 көшеге И.Исаевтың есімі берілді. Қалжанов, А. Мөлдір жыры ел жүрегінде / А. Қалжанов // Қазақ үні. – 2019. - 11 qańtar (№ 1).- 16 б. Қоңыр А. Жыры да, жүрегі де жылы еді...: Қазақтың көрнекті ақыны Ибрагим Исаевтың мәңгілік сапарға шығарып салуға арналған қаралы жиын өтті / А. Қоңыр //Айқын.- 2014. - 30 желтоқсан (№ 237). - 5 б. Молдахметұлы Ж. Шабыт дегендi мойындамайтын шайыр: Ақын Ибрагим Исаевтың жеке өмiрiнен // Айқын.- 2009. - 30 қаңтар (№ 14). - 8 б. Нуриддинұлы А. Өнер өрінен танылған ақын: Ақын Ибрагим Иса жайлы. / А. Нуриддинұлы //Өскен өңір.- 2015. - 25 қараша (№ 90). - 1 б. Оразалин, Н. Қазақ өлеңінің жампозы: қазанама (1949-2015) / Н. Оразалин // Қазақ әдебиеті. – 2015. - 16 - 22 қаңтар (№ 1/2). - 15 б. Оралұлы, Б. Өнерде дос, өмірде аға еді : қазанама (1949-2015) / Б. Оралұлы // Қазақ әдебиеті. – 2015. - 16 - 22 қаңтар (№ 1/2). - 15 б. Өтеуліұлы, Ө. Қоңыр мінезді ақын еді: қазанама / Ө. Өтеуліұлы // Алматы ақшамы. – 2014.- 30 желтоқсан (№ 160).- 23 б. Рахымбекұлы Ә. Жырлауға жаралған жүрек: Ақын Ибрагим Исаев жайлы / Ә.Рахымбекұлы //Сыр бойы.- 2015. - 21 қараша (№ 176/177). - 8 б. Сапарбай И. Ақ қанатты ән: Ақын И.Исаевтың екі томдық таңдамалы жинағы жайында / И.Сапарбай //Қазақ Елі. - 2009. - 13 наурыз. - 8 б. Сапарбай, И. "Ақындық деген - әуелеп ұшқан ақ кептер..." / И. Сапарбай // Жұлдыз. – 2009. - № 3. - 202-206 б. Сариев Ш. Өлең болып қоштастың ұлы өмірмен..: Өлең / Ш. Сариев // Қазақ әдебиеті.- 2015. - 16 қаңтар (№ 1/2). - 15 б. Тұрлыбек, Д. Кімнің тілін шағарын...; Ұры да таниды: әзіл әңгімелер / Д. Тұрлыбек // Қазақ әдебиеті. – 2015.- 27 наурыз - 2 сәуір (№ 12). - 12 б. 2007-2011 жж. жарық көрген шығармалар бойынша. |