KITAPKHANA.KZ
kz ru

ЖЕТІСКЕН МӘКЕНАЛЫ (1952-2016)

     

       Жетіскен Мәкеналы 1952 жылы 7 маусымда Қазалы ауданының «Қожабақы» ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Қызылорда медицина училищесін, 1985 жылы Қазақтың Мемлекеттік ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген.

     Шығар­машылық еңбек жолын 1983 жылы 5 мамырда Қазалы ау­дандық «Ленин туы» газетінің бө­лім меңгеруші қызметінен бастаған. Қа­залы аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аудандық тіл бас­қар­ма­сының бас маманы, аудан әкімі аппараты ішкі саясат секторының бас ма­маны, Ғани Мұратбаевтың тарихи-ме­мориалдық музейінің аға ғылыми қызметкері, Қазалы аудандық мә­дениет бөлімінің меңгерушісі, ау­дан­дық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, Ғани Мұрат­баевтың тарихи-мемориалдық му­зейі­нің директоры, аудандық «Қа­залы» газеті МКК директоры, бас ди­ректоры міндетін атқарушы, Бас ре­дакторының орынбасары қыз­мет­терін атқарған.

      Ж.Мәкеналы ұзақ жылдар бойы өлке тарихын зерттеумен айналысқан. «Ортаймаған қазаны, қасиетті Қа­за­лы», «Тамыры терең, тарихы ке­нен – Қазалы», «Асандар көтерілісі», Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметі, жас­тарға рухани тәрбиесі туралы «Мен – Ғанимын», «Ғани тағылымы», «Жиырма бірінші ғасырға аманат», «Ел мен ер», «Арыстарын ардақтаған Қазалы», «Тағдырмен тілдесу» атты кітаптары жарық көр­­ген.

   Қазақстан Журналистер одағы­ның, КСРО Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Журналистер ода­ғы­ның «Құрмет грамотасымен», Қа­зақ­стан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мә­де­ниет қайраткері» белгісімен, Қы­зы­лорда облыстық партия комитетінің «Құрмет» грамотасымен, Қазалы ау­да­ны әкімінің «Алғыс хатымен», «Қызылорда облысына 70 жыл» және «Қы­зылорда қаласына 190 жыл» ме­рекелік медальдарымен марапат­тал­ған.

Әдебиеттер:

       Мәкеналы,  Ж. Арыстарын ардақтаған Қазалы / Ж.Мәкеналы. – Алматы : Palitra- Press, 2013. – 120 б.

      Мәкеналы,  Ж. Ел мен ер : Ғұмырнамалық деректі эсселер /  Ж. Мәкеналы: Palitra- Press, 2013. – 228 б.

      Мәкеналы,  Ж. Жиырма бірінші ғасырға аманат  /  Ж. Мәкеналы. – Қызылорда : Тұмар, 2007. – 160 б.

      Ғани тағылымы / құраст. Ж. Мәкеналы. – Алматы : Нұр Принт-75, 2008. – 80+28 б.

***

        Жетіскен Мәкенәлиев:[Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар: Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы. – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 288 б.

        Жетіскен Мәкеналы //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна,

2008. – 213 б.              

        Абылаев Т.     Көзі қарақты, сөзі қанатты: Ақын-журналист Жетіскен Мәкенәлі жайында / Т.Абылаев // Халық.- 2012. - 16 тамыз. - 5 б.

       Ақын атындағы турнир   //  Сақшы. – 2017. - 3 тамыз (№ 58). - 7 б.

       Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда ақын Жетіскен Мәкеналыға арналған шағын футболдан еске алу турнирі өтті.

       Ардақты ақын атындағы турнир  //  Сыр дидары. – 2017. - 4 тамыз (№ 31). - 2 б.

       Қазалыда ақын Жетіскен Мәкеналыға арналған шағын футболдан еске алу турнирі өтті.

        Арқалы ақын рухына арналған ауқымды шара  //  Ел тілегі. – 2017. - 29 қараша (№ 49). - 2 б.

        Ақын Жектіскен Мәкеналының 65 жылдығына орай еске алу кеші өткізілді.

       Әбдіқалық,  Ринат. Ақын рухымен тілдесу / Р. Әбдіқалық  //  Қазалы. – 2018. - 12 маусым (№ 43). - 1 б.

        Аудандық кітапханада ақын Жетіскен Мәкеналының туған күніне орай "Ақын рухымен тілдесу" атты еске алу кеші өткізілді.

        Домбай Н.  Ақ халатты алмастырған қаламға..: Журналист, ақын Жетіскен       

Мәкеналы жайында / Н. Домбай //Ана тілі.- 2012. - 28 маусым - 4 шілде (№26). - 7 б.              

        Жүсіпова,  А. Қос тұлға ардақталды /  Жүсіпова  //  Қазалы. – 2022.- 2 шілде (№ 52). - 2 б.

        Ғани Мұратбаевтың 120 жылдығы аясында, ақын Жетіскен Мәкенәлінің 70 жылдығына орай  "Мен Ғанимын" атты аудандық жазба ақындар мұшәйрасы. өтті.

        Қазмағамбетова,  А. Нұрлы ғұмыр / А. Қазмағамбетова  //  Қазалы. – 2022.- 27 қазан (№ 85).- 2 б.

        Қазалыда ақын Жетіскен Мәкеналының 70 жылдығына орай әдеби сазды кеш өтті.

        Қазыналы мекеннің жыр керуені: Ә.Тәжібаев атындағы  ғылыми-әмбебап кітапханада ақын Р.Жанаев, Ж.Мәкенәлі т.б. қаламгерлермен  оқырмандар  кездесуі өтті. // Сыр бойы.- 2006.-21 қазан

        Қапар,  С. Ел ардақтысына айналған ақын  / С. Қапар  //  Қазалы. – 2017. - 28 қараша (№ 91). - 1 б.

        Қарымды қаламгер Жетіскен Мәкеналының 65 жылдығына орай.       

        Қараман Қ.  Ғасырға артқан аманат: Журналист, ақын Жетіскен Мәкеналы 60 жаста / Қ. Қараман //Қазалы.- 2012. - 18 тамыз. - 6 б.                                    

        Табынбаев,  Е. Ауылдағы аламан айтыс  / Е. Табынбаев  //  Қазалы. – 2017. - 5 желтоқсан (№ 93). - 4 б.

        Ақын Жетіскен Мәкенәлінің 65 жылдық мерейтойына орай жас ақындар айтысы өтті.

        Шағыров,  Б. Ақын ардақталған күн   / Б. Шағыров  //  Ақмешіт жастары. – 2022.- 3 қараша (№44).- 5 б.

        Ақын, ҚР мәдениет қайраткері Ж. Мәкеналының атына көше берілді.

01 қазан 2024 ж. 09:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x