«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» кітап көрмесі

    2020 жылдың 14 мамыр күні Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

    Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.

  Көрмеге отбасы тәрбиесіне арналған ғылыми-танымдық, педагогикалық, психологиялық отбасы дағдарысына арналған көркем шығармалар қойылды.

    Көрмеге қойылған әдебиеттер адамның рухани құндылықтары мен ішкі жан дүниесін байытуға септігін тигізері анық.



 

14 мамыр 2020 ж. 18:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: