«Артық ғылым кітапта» жаңа әдебиеттерге онлайн шолу

       2021 жылдың 16 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Дала фольклорының жауһарлары» тақырыбында қорға келіп түскен жаңа әдебиеттерге онлайн шолу жасалды.
        Шолудың мақсаты – жаңа әдебиеттермен оқырман қауымды таныстыру, тыңдарманға  ғибрат, тәлім-тәрбие беру, Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық  ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз - әфсаналары, қиссалары мен эпостарын  насихаттау. Көрмеге қойылған «Дала фольклоры антологиясы» сериясымен шыққан 10 томдықтың 1-2 томы «Батырлар жыры», 3-томы «Тарихи жырлар»,4-томы «Ғашықтық жырлар», 5-томы«Дастандар», 6-томы «Ғұрыптық фольклор», 7-томы «Прозалық фольклор: Ертегілер», 8-томы «Прозалық фольклор:Аңыздар», 9-томы «Халық өлеңдері», 10 томы «Ғибратты фольклор : Шағын жанрлар»  кітаптарына онлайн шолу жасалды. Барлық  әдебиеттер жалпы фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.






 
16 сәуір 2021 ж. 10:30
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: