«Елін қорғау – ерге серт» атты кітап көрмесіне шолу

      2021 жылдың 7 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру және рухани адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Елін қорғау –  ерге серт» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.
      Шолу барысында қазақ хандығы тұсындағы қазақ халқының әскери тарихы мен ел мен жерді қорғаған қазақ батырларының ерліктері мен  қазіргі замандағы әскери доктрина, әскери педагогика ғылым салаларына, әскери жарлықтарға арналған әдебиеттерге кеңінен тоқталды. Және де екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының жастарға әлі күнге дейін бағыт-бағдар беріп отырған ерлік туралы қанатты сөздері оқырман назарына ұсынылды.


 
 
07 мамыр 2021 ж. 10:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: