31 қаңтар күні «Жанға жайлы жүздесулер» жобасы аясында кітапханада Қызылорда Авиценна медициналық колледж студенттері қонақта болды.
«Жанға жайлы жүздесулер» жобасының негізгі мақсаты – жастарға кітапханада уақытын тиімді өткізу үшін жағдай жасау, кітап оқуға тарту, рухани ләззат алатын демалыс түрлерін ұсыну.
Жастар ең алдымен кітапхананың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, бөлімдерге саяхат жасады. Қонақтар үшін сирек кітаптар қорында құнды құжаттарға шолу жасалды. Саяхат соңында жастарға өмірден алынған оқиға негізінде түсірілген «Жанұя» атты фильм көрсетілді.
![](/uploads/posts/2024-02/medium/1707478088_31-atar-1.jpg)
![](/uploads/posts/2024-02/medium/1707478045_31-atar-2.jpg)