М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы

       26 сәуір күні облыстық кітапханада қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
    Мақсаты – оқырмандарды ұлт үшін қызмет көрсетудің озық үлгісін көрсеткен Алаш арысы М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, есімін ұлықтау.
       Кешке Ж.Қизатов атындағы №23  мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Б.Ибрагимова, А.Ақжігітова  және жоғары сынып оқушылары қатысты.
      Оқырмандар  М.Дулатұлының ұлт тарихында өшпес із қалдырған,  қазақ халқын оятқан шығармаларының бірі «Оян қазақ» туындысына жан-жақты талдау жасады. Елі мен жері, ұлты үшін еркіндік жолында жанын пида еткен  Алаш арысының өмір жолы туралы ой бөлісті.
         Оқырмандар назарына «Алаштың асылтекті ардағы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
26 сәуір 2024 ж. 13:15
0 қарау
Пікір
1
JosephCaday 10 мамыр 2024 21:37
Поможем получить гражданство Болгарии "под ключ". Договор, гарантии. Консультация бесплатная! Свяжитесь с нами в telegram: @migrapractice
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: