Ұраны: «Бабын тап та бақ өсір»
Ә.Тәжібаев атындағы әмбебеп ғылыми кітапханасының ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі аясында жұмыс істейтін ерікті қоғамдық бірлестік.
Бау-бақша, гүл, көкөніс өсіруге қызығушылық танытатын кез келген қала тұрғыны клуб мүшесі бола алады.
Клубтың мақсаты:
Бағбан клубы – мақсаттары, мүдделері, қызығушылықтары бір адамдардың ерікті бірлестігі.
Өзара еркін қарым-қатынас адамдар үшін өте пайдалы, әрі тиімді. Олар басқосуларында өзара ақпарат алмасып, оқыған-тоқығандарын ортаға салады, білгендері бойынша тәжірибе, пікір алысады, бір-біріне ақыл-кеңестерін айтып, көмек қол ұшын береді. Жеміс ағаштарының жасыл өсімдіктерін аялауда, бау өсіріу ісімен айналысуда, танымдық көзқарастарын бөліседі.
Кітапханада кітап оқуға қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған клуб мүшелерінің мәдени – бос уақыты қызметін ұйымдастыру
«Бағбан» балалар шығармашылығы клубының 2018 жылғы жоспары
Кездесу | Клубтың отырысын өткізу, клуб төрайымын, мүшелерін жұмыс жоспарымен таңыстыру | қаңтар | Ауылшаруашы лық және техникалық әдебиеттер бөлімі |
Ақпараттық сағат | «Отбасы аптекасы», (Пайдалы, зиян және дәрілік өсімдіктер туралы | ақпан | Ауылшаруашы лық және техникалық әдебиеттер бөлімі |
Пайдалы кеңес | «Дертке дауа, емге шипа өсімдіктер» | наурыз | Ауылшаруашы лық және техникалық әдебиеттер бөлімі |
Қызықты хабарлама сағаты | Бау-бақшаны да жұлдызнама бойынша күту керек | ақпан | Ауылшаруашы лық және техникалық әдебиеттер бөлімі |
«Бағбан»клубының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары
р/с | Тақырыбы | Жұмыс түрі | Орындалу мерзімі |
1 | Кітапханада отырыс өткізу, активтердің мүшелерін тағайындау, жоспарымен таныстыру. | «Бағбан» клубының ашылуы | Ітоқсан |
2 | Вы решилы посадить... | Мастер класс | Ітоқсан |
3 | Лекарственные растения Казахстана | Эко-час | ІІ тоқсан |
4 | Бағбандар маусымы басталды! | Ақпарат | ІІ тоқсан |
5 | Бағбан болам десеңіз... | Кітап көрмесі | ІІ тоқсан |
6 | Саяжай әдістері: бастауыш бағбандар үшін |
| ІІІ тоқсан |
7 | «Приусадебное хозяйство» | Час информации по журналам | ІІІ тоқсан |
8 | «Бағбаншыларға 1000 кеңес | Мастер класс | І тоқсан |
9 | "Баптағанға - жер жомарт | Кітап көрмесі | І тоқсан |
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ауылшаруашылық әдебиеттер және техникалық әдебиеттер бөлімінде «Бағбан» кітапханалық клубы өз жұмысын бастады. Клубтың ашылуына арналған шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Ж.Әбілдаева, биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Байкенжева, аға оқытушы Б.Қ.Байжанова, инженерлік-технологиялық факультетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасына қарасты «Жасыл алаң» үйірмесінің мүшелері, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушылары Н.Жүсіпова, Т. Лепесова сонымен бірге бағбаншылықпен айналысатын зейнеткерлер қатысты.
Қатысушылар саяжай мен бау-бақшаны, күтіп-баптаудың және жақсыөнімалу амалдары жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, жыл бойы клубта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен танысты.
«Бабын тап та бақ өсір» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Шараға қатысушыларға «Самодельные подделки для сада и дачи из пластиковых бутылок своими руками» атты бейне ролик ұсынылды.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жаз айларында жеміс ағаштары мен көкөністердің түрлерін оны қалай күтіп, баптау керектігі жөнінде «Бақшаға да бап керек» атты көрме ақпарат ұйымдастырылды.
Мақсаты: жеміс ағаштарының жасыл өсімдіктерін аялауға, бау өсіру ісімен айналысуға танымдық көзқарастарын байыту.
Кітап көрмесіне бақша күтіміндегі сіз бен біз білмейтін құпиялар, сапалы өнім алу үшін әдіс-тәсілдері туралы кітаптар қойылып, шолу жасалды.