Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез құлық және оның алдын алу 2016 жылдың 26 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жастар денсаулық орталық мамандарымен бірлесіп «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез құлық және оның алдын алу» атты денсаулық сағаты өтті.
Мақсаты: Жастарды бүгінгі қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз – өздеріне қол жұмсаудың алдын алуға тәрбиелеу. Сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдығын аттауға дайындау.
Денсаулық сағатына Жастар денсаулық орталық маманы педагог – психолог Фариза Искакова және М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттері қатысты.
Психолог маманның айтуынша жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе қаржы проблемасы, психикалық аурулар қоршаған адамдармен түсініспеушілік отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Суицидтің жоғары пайызы көбіне, осал топ болып табылатын жастар арасында кездесетіндіктен, психолог дәрігердің қатысуымен өткізілетін мұндай іс-шаралар қажеттілік болып саналады. Денсаулық сағатына қатысушылар суицид себептері мен статистикасы туралы ақпарат алып, сондай-ақ стрестік жағдайларға қарсы тұру әдістерін, оларды шешу жолдарын үйренді.
|