«Зерек бала» -зияткерлік сайыс

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі жазғы демалыста балалардың бос уакытын тиімді пайдалануға үйрету, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және кітапхананы насихаттау мақсатында жаз бойы түрлі шаралар ұйымдастырады.

    7 маусым күні №278 орта мектептің «Ақжелкен» күндізгі тынығу лагеріндегі балалармен «Зерек бала» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін шыңдай отырып, көркем әдеби тілде сөйлей білуге баулу, берілген тапсырмаларды шапшаң ойлап, нақты жауап беруге, тапсырмаларды орындау талабы бойынша ұжымдастыққа, бірлікке тәрбиелеу, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, ортақ ой түю, жан-жақты жетілген, білімді де, саналы еліне жұртына адал қызмет ете алатын өрелі ұрпақ тәрбиелеу. Сайыс : «Бәйге», «Ұшқыр ой», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Құпия сандық», «Айшықты сөздер», «Мақал- сөздің мәйегі», «Сөзжұмбақ» кезеңдерінен тұрды, сайыс тартысты және қызықты өтті. Шара соңында балалар кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, мультфильм тамашалады, «Кітаптар патщалығына саяхат» және «Жазғы демалыс- жақсы кітап» атты кітап көрмелеріндегі әдебиеттермен танысты.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


07 маусым 2016 ж. 17:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: