«Дулаттың асыл мұрасы»12 қазан күні 2016 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиет бөлімі «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы бойынша «Дулаттың асыл мұрасы» атты мәдени –шара өткізді. Дулат Бабатайұлы – көрнектіақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінендидактикалықнегізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Мақсаты: Жас оқырманға ұлы ақын Дулат Бабатайұлының өмір жолынан мағұлмат беру, артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету, ізденімпаздыққа баулу. Мәдени шараға қаламыздағы №7 орта мектеп, №12 Ілияс Қабылов атындағы орта мектеп, №264 мектеп-лицей, №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. №7 орта мектеп оқушылары ұлы ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқан.Оның кестелі көркем жырлары сол кезеңдегі азаттықты аңсаған көзі ашық зиялы қауымның айнымас темірқазығы болғаны жайлы баяндап, «Өсиетнама» кітабына талдау жасады. Шығармашылық ізденісте оқушылар өз пікірлерін эссе түрінде жазды. №12 Ілияс Қабылов атындағы орта мектептің оқушылары Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабындағы «Еспембет» дастанын мәнерлеп жатқа оқып шықты. №264 мектеп-лицей оқушылары Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» дастаны бойынша сахналық қойылым қойып, қойлым барысында кейіпкерлерді өз дәрежесінде сомдап көрсете білді. №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп оқушылары шараға көрермен ретінде қатысты. Шара барысында оқушылар Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бейне – роликті тамашалап, «Ұлт рухын оятқан ақын» атты кітап көрмесімен танысты.
|