KITAPKHANA.KZ
kz ru

Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрме «Әбіш әлемі»

   2016 жылдың 28 қазанында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер Сарайында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторының қызметкерлері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Шара мақсаты: Әбіш Кекілбаев өмірі және шығармашылығы туралы мәлімет беру. Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

    Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
   1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 
   2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

    Алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965жылы жарық көрген. Оның көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

      Көрме 3 бөлімнен тұрады:

      Бірінші бөлімде ақынның өмірі жайлы әдебиеттер, белгілі өлеңдеріне, шығармаларына және көсем сөздеріне орын берілді. Әбіш өлеңдерін талдай отырып таңданасың, таңдана отырып-тәубе қыласың. Асылы, талдаудан гөрі, таңданудан гөрі, құнығып оқу керек. Оқыған сайын ол-ойлантады, толғантады, желпінтеді, жаныңа жігер береді.

    Екінші бөлім Кекілбаевтың шығармашылығына арналды. Әбіш Кекілбаевтың прозасы, жалпы алғанда, өмір құбылыстарына байсалды ой-парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл проза қазақ тілінің ауызша, жазбаша озық өнегелеріне арқа сүйейді, содан да ол философиялық интеллектуальдық мағыналарға бай болып келеді.

     Ұлттық рухани құндылық, рухани байлыққа әр халықтың тілі, діні, ділі, адамгершілік қасиеттері, ұлттық салт-дәстүрі, өнері, әдебиеті мен мәдениеті жатады. Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деген сөзі ұрпаққа біліммен қоса адамгерішілік тәрбиесі қатар берілу керектігін ұғындырады.. Ә. Кекілбаев терең зерттеп, ата-баба менталитетінің кереметтігіне таң-тамаша болады. Жүйріктердің тағдыры!..

     Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді.

    2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.К.Гоццидің- «Туранбике ханшайым», А.П.Чеховтың- «Ваня ағай», Вальехо Антонио Буэроның- «Бүгін мейрам, бүгін той», Генрик Ибсеннің- «Үрей», Л.Дарконың - «Сүйіктім менің, Электра!», У.Шекспирдің- «Ромео мен Джульетта», У.Шекспирдің-«Кориолан», У.Шекспирдің- «Король Лир», М.Фриштің«Ғылым қуған Дон-Жуан» шығармаларын қазақ тіліне аударған.

     Үшінші бөлімде зиялылардың айтқан естеліктерін, ой – толғауларын, ағаға деген сағыныш лебіздерін кездестіресіздер. Әбіштің өлмес, өшпес өр рухты өлеңдерін оқып отырып, оның ұлылығын дәлеледеу мақсатында әлемнің әр еліндегі данышпан, даналарының ана сөзінен, мына сөзінен үзінді-цитата алып, онсыз да сарабдал дүниенің сыр мен сипатына қосымша бояу жаққым келмейді. Онсыз да дана сөзді, онсыз да дара сөзді әр оқушы өзі танып білер. Менің мақсат-мүддем өз сөзім, өз лебізіммен-ақ ілкім дүниенің ірі қасиетін қолымнан келгенше түсіндіріп бағып, оқушыға ой салу... Талай жыл қын түбінде жатып, алтын кездік қап түбін тесіп жарыққа шықты, сол алтын кездікті байқап ұстап, пайдалага біл, кәдеңе жарат... деген ой үрдісінен табыла білсем, онда осынау асыл қазынаға деген ықылас-ниетімнің босқа кетпегені болар еді.., – деп еске алады замандастары.

     Кітап көрмесіне 370 кітап,мерзімді басылымдар,фото – суреттер қойылды.


 

 


 

28 қазан 2016 ж. 17:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x