«Оқимыз, ойнаймыз»! /Танымдық ойын-викторина/

    8 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балаларды ерте жастан оқуға баулып, танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында «Бегім Ана» балабақшасы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Оқимыз, ойнаймыз» атты танымдық ойын-викторина өткізілді.

     Ойын алты бөлім бойынша ұйымдастырылып, балалардың білім нәтижесі, терең ойшылдығы, танымдық қызығушылығы сынға түсті.

   Ойын барысында «Сиқырлы сандық»- жұмбақтар, «Кітап туралы бәрін білемін»-спринт-викторина, «Тіл білгірі»-әдеби ойын, «Ертегі кейіпкерлерін көрсет»-импровизация ойыны, «Кейіпкерді тап» - викториналық ойыны, «Ертегіні құрастыр»-ойын-пазлы ойнатылып, мәдени шара соңынан бүлдіршіндерге «Оқы қызық», «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмелеріндегі жаңа әдебиеттер таныстырылып, оқуға ұсынылды. Шара соңынан кішкентай оқырмандарымыз кітапханаға саяхат жасап, мультфильмдер тамашалады.


 

 

 

 

 


 

14 қараша 2017 ж. 18:33
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: