«Кітаппен бірге өсеміз- оқимыз, ойнаймыз, демаламыз»

           Кітапханада жазғы демалыс уақытында қала бүлдіршіндері үшін оқитын орталық қана емес, сонымен қатар шығармашыл топтардың демалыс және  басқосу орны болып отыр. Кітапхана кішкентайдан кітап оқуға үйрететін «Кітаппен бірге өсеміз!» бағдарламасы, «БиблиоНяня», «Кітапханадағы туған күн» жобалары және «Кітаппен өткен жаз қызық» жазғы оқу бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіп келеді.  Мектеп жанындағы лагерьлер мен балалар бақшасына библиодесанттар ұйымдастырылып тұрады. 

          Жүргізіліп отырған барлық жұмыс оқырмандарды таныту және дамытуға бағытталған. «Балдырғандар залы» қашанда қызыққа толы. Бұл жерде  кішкентай оқырмандармен  дамытушы әдеби ойындар, конкурстар, викториналар, рольге бөліп оқулар ұйымдастырылады. Ал ойындарда кішкентай білімді бүлдіршіндерді жеңіске жетуге жетелейтін қызықты энциклопедиялар, трансформер-кітапшалар және түрлі бағдарламалар, фильмдер көрсететін үлкен телевизор бар.

            Кітапхана балаларға өмірде сенімді дос табуға, мейірімді жолдас табуға үлкен септігін тигізеді. 

         27 маусым күні балаларды оқуға үйрету және кітапханаға оқырман тарту мақсатында  Сырдария ауданындағы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің жазғы тынығу лагеріндегі балаларға саяхат жасалды. Балалар кітапхана тарихымен, бөлімдермен, «Тәуелсіз Қазақстан залымен», Ә.Тәжібаев атындағы музеймен танысты.  Балалар бөлімінің оқу залында «Мен және мені қоршаған әлем», «Неліктен? Неге? Не үшін?» тақырыптарына қызықты ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. «Кітаптар демалмайды» атты кітап көрмесіндегі жаңа әдебиеттермен танысты. Соңынан «Балдырғандар залында» кішкентай оқырмандарға мультфильм көрсетілді.










 

28 маусым 2018 ж. 10:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: