KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Өз-өзін күту» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 14 қыркүйек күні «Өз-өзін күту» атты шеберлік сағаты    ұйымдастырылды.

  Іс-шараның мақсаты халқымыздың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, əдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, əсемдікке тəрбиелеу.

  Шара барысында сырт келбетке күтім жасау, дене бітімі,  шаш күтімі туралы күнделікті қалай күтім жасау керектігі  жəне бояна білу, косметикалық өнімдерді үйлесімді пайдалануға әдеттеніп, шашты сәндеудің түрлі тәсілдерін қолдана білудің қажеттілігі айтылды.

Аталмыш шараға  Болашақ колледжінің  шаштараз өнері және сәндік косметика  мамандықтарында  оқитын студенттер қатысып,   өздерін толғандыратын  сұрақтарын қойып, толымды  жауап алды.

  Шеберлік сабағын өткізген Сән акамедиясының стилисі, бизнес ханымы Д. Алмусаева косметиканы пайдаланудың  пайдасы мен зияны туралы оқырмандармен пікір алмасып, өз ісінің  нәтижесімен бөлісті.

  Шара соңында оқырмандарға «Сұлулық әлемінде» атты кітап көрмесіне шолу жасалып,    Т. Барышникованың «Стрижки, Прически, Макияж, Маникюр», «Большая книга домашнего парихмахера», В. Лидің «Корейская философия красоты», «Пайдалы кеңес», «Денсаулық» т.б  мерзімді басылымдардағы  қызықты ақпараттарға тоқталып, пайдалы кеңестер берілді.


 
14 қыркүйек 2018 ж. 16:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x