Қош келдің, Жаңа жыл! Кітап көрмесі

        25-ші желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесіне орай  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  фойесінде  «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

        Кітап көрмесінен оқырмандар  келер жылдың басты ерекшеліктері, әлем жаңа жылды қалай қарсы алады, жаныңа жақын жандарға қандай сыйлықтар жасауға болады, жаңа жыл дастарханын дайындауда қандай ерекшелік бар? – деген көптеген сауалдарына жауап таба алады.               

       Кітап көрмесінің тағы бір ерекшелігі – кеңестік дәуірдегі жаңа жылдық ойыншықтар мен ашықхаттардың (открыткалар) түрлері  қойылды. Ақ қағаздан қиып жасалған қардың түрлі пішіндері бір сәт «балалық шақтағы» мерекені еске түсіреді. Көңіл көтеретін ашықхаттарда Аяз ата, ақшақар тағы да басқа түрлі ертегі кейіпкерлері бейнеленген.

        Көрменің мақсаты – мерекелік атмосфера қалыптастыру, оқырмандарды жаңа жылдық ойыншақтар түрімен, өткен кезеңдерде шыршаны безендірген қолөнер бұйымдарымен таныстыру, жастарды қолөнерімен айналысуға баулу.

 
27 желтоксан 2018 ж. 16:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: