«Қазақ киносының анасы» Ә.Өмірзақованың туғанына 100 жыл

       19 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда облыстық халық шығармашылығын   дамыту және  мәдени - продюсерлік орталығының  кинобейне фильмдерін сақтау және насихаттау бөлімімен бірлесіп  Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Ерқожақызы Өмірзақованының туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ киносының анасы» тақырыбында фильм көрсету ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – қазақ киносының алғашқы қарлығаштарының бірі, қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына ерекше үлес қосқан кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың өмірі мен өнерін жақын таныстыру.

      Әмина Өмірзақова қатысқан фильмдер әлі күнге көрерменнің қошеметіне бөленіп, кино өнерінің алтын қазынасына айналған. Ол кинода әсіресе ана ролін ерекше әсерлі сомдаған актриса. Әмина Өмірзақованың атын көпке танытқан шоқтығы биік фильмдердің бірі «Тақиялы періште» комедиясы. Осы комедияны №7 арнайы түзету мектеп-интернатынан оқушылар келіп тамашалады. Фильм көрсетілер алдында оқушыларға актрисаның өмірі мен сомдаған рольдері жайында қысқаша мәлімет берілді.




 
19 ақпан 2019 ж. 10:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: