«Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында22 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 4 «Б» сынып оқушысы Исабек Нұрайдың туған күні ата-анасы және достарының ортасында өткізілді. Шараның мақсаты: балаларға мәдени демалуды, уақытты мағыналы өткізуді ұйымдастыра отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп тұлға болып қалыптасуына және дүниетанымын арттыруға көмектесу. Туған күн өткізілетін орын ашық-жарқын түстермен безендіріліп, шоу бағдарлама ертегі әлеміндегідей әсем әнмен, мың бұралған бимен ашылды. Мерекелік шара ойын-сауықпен жалғасып, танымдық ойындарға, викториналық сұрақтарды шешуге ұласты. Шара соңында туған күн иесіне кітап сыйға берілді, балаларға тәттілер таратылды. Мұндай ерекше туған күн Нұрайдың есінде ұзақ сақталатына сөзсіз. |
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |