«Терроризм және интернет» (пікірсайыс)

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 22 сәуір күні жас ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, діни ағым сенімдерді ажырата білуге, тазалық пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Терроризм және интернет» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
     Шараға облыстық  полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының  полковнигі Дариходжаев Мадияр Құлмағанбетұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің интернет қауіпсіздігі пәнінің оқытушысы Махамбаева Индира Өтепбергенқызы дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары,  ақпараттық қауіпсіздік, экстремизм, терроризм туралы әңгімеледі.
     Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Жастардың діни сауаттылығын арттыру, терроризммен, діни экстремизммен күресудің жолдары, оның зардаптары туралы видеоролик көрсетіліп, ақпарат берілді. Сонымен қатар жастарға күмәнды сайттарға кірмеу керектігі ескертілді.
    Шараға «Абылайхан» атындағы жоғары колледжі, «Болашақ» университеті, Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжі   студенттері  қатысып, өз  пікірлерін айтып, тақырып бойынша сұрақтар қойылды.

 
22 сәуір 2019 ж. 19:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: