«Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби кеш15 қазан күні Қазақтың ұлы ағартушысы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, жазушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушылардың бірі Ы. Алтынсариннің туғанына180 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Ұлы ағартушының шығармалары арқылы өскелең ұрпаққа адамгершілік пен адалдық қасиеттерін бойларына сіңіре отырып, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру. Шараға қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы №10, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей, К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.Шараға қатысқан балалар Ұлы ұстаздың адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, мәдениет пен өркениет көшіне ілесуге шақыратын өсиет өлеңдерін жатқа оқып, әңгімелері бойынша «Әке мен бала», « Асыл шөп» көрініс қойды. Шара барысында «Ұлы даланың дара жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді. |
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |