18 мамыр күні облыстық кітапханада Қазақстанның Құрметті Журналисі, қаламгер Өтеген Жаппарханның туғанына 85 жыл толуына орай «Тұғырлы елдің тұмары» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Қазақ радиосының «Алтын қорын» сыр сүлейлерінің мақам-сазының мол мұрағатымен толықтырып, Көшенейдің күміс үнін алғаш рет облыстық радио арқылы көпшілікке таныстырған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы шара барысында сөз болды. Шараға қаламгер, жазушы-журналист Еркін Әбіл, Қызылорда облыстық телеарнасының негізін қалаушылардың бірі, ақпарат саласының үздігі Шалғынбаева Айткүл, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің мұғалімі С.Сәтова, «Өркениет» медициналық колледжінің және Қызылорда Ашық университетінің студенттері қатысты.
Жазушының сатиралық шығармаларынан оқырмандар үзінділер оқып, кітап көрмесімен танысты.