20 қыркүйек күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл толуына орай «Kitap Time-24» фестивалі аясында «Қазақтың Ақбаяны» атты ән кешін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – күміс көмей әншінің өмірі мен шығармашылығын жақын таныстыру. Көпшіліктің өнерге, оның ішінде қазақ әндеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шараға Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары, «Сәулем-ай» әжелер ансамблі мен Баймұрат батыр ауыл мектебінің тәлімгері Қалданова Мақпал қатысып, әншінің репертуарындағы әндерін орындады. Шара барысында әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме таныстырылды.