«Елдігіміздің жүрегі- Астана» 2015 жылы 25 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Астана күніне орай «Елдігіміздің жүрегі- Астана» атты кең ауқымды көркемделген кітап көрмесі ашылды.
Кітап көрмесі «Елбасы және Елорда», «Мәңгілік Елдің арқауы - Елорда»,«Шабытыма қанат берген Астана», «Астана-кемел істердің алтын тұғыры», «Мерейі асқақ Қазақстан» атты Астана жайлы толық та тың ақпарат беретін кітаптар топтамасы қойылған 5 тақырыптық бөлімнен тұрды.
Көрменің мақсаты Астана туралы тарихи мәлiметтердi ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ісіне үлес қосу және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, сол арқылы ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
Оқырмандар назарына Елордамыздың тарихы мен бүгінгі болмасынан сыр шертетін әдебиеттер қойылған.
|