Виртуалды анықтама
Құрметті оқырмандар!
Егер Сіз нақты тақырып бойынша әдебиет таңдауға қиналсаңыз немесе белгілі сұраққа жауап алғыңыз келсе, Сізге виртуалды анықтама қызметі көмек көрсетеді.
Қызмет туралы
Біз дүйсенбіден жұма күніне дейін жұмыс істейміз!
Интернет-технологияны пайдалана отырып алыс жердегі пайдаланушыларға on-line режиміндегі ақпараттық қызметті ұсынатын виртуалды анықтама қызметі төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- қызметті барлық пайдаланушының тегін пайдалануы;
- талап етілген ақпарат болмаған жағдайда да сұраныстарды орындау және дұрыс жауап беру міндетті болып табылады;
- қызмет көрсетудегі жеделдік;
- қызмет көрсетудегі құпиялық (тапсырыс берушінің жеке басының мәліметтерін жарияламау).
Виртуалды анықтама қызметі біздің кітапхана қорындағы нақты басылымның бар-жоғы туралы ақпарат беруге көмектеседі. Сізді қызықтыратын тақырып бойынша әдебиеттер тізімін (5 аталымнан артық емес) құрастыруға көмектеседі. Одан өзге біз Сізге нақты оқиға және дәйек туралы ақпарат беруге көмектесе аламыз. Виртуалды анықтама қызметі шеңберінде толық мәтіндер берілмейді.
Сіздің сұраныстарыңызға кітапхананың білікті библиографтары жауап береді.
Пайдаланушының кітапхана оқырманы болмаса да оған қызмет көрсетіледі.
Сұраныстардың орындалу мерзімі
Сұраныстар кітапхананың барлық жұмыс күнінде қабылданып, олардың түсу реті бойынша орындалады. Демалыс, мереке және санитарлық күндері анықтама орындалмайды.
Күн сайын орындау үшін 5 жұмыс қабылданады. Бір пайдаланушыдан бір күнде 1 сұраныс ғана қабылданады. Сұранысты орындаудың мерзімі – 3 күнге дейін.
Кітапхана қорындағы нақты басылымның бар-жоғы туралы ақпарат 1 жұмыс күні ішінде орындалады.
Күрделі емес тақырыптық сұраныстар 1-2 жұмыс күні ішінде орындалады.
Фактографиялық сұраныстар 1-3 жұмыс күні ішінде орындалады.
Шектеулер
Бір пайдаланушыдан бір күнде 1 сұраныс қана қабылданады. Сұраныста бірнеше сұрақ болған жағдайда орындауға қызметкердің таңдауы бойынша бір ғана сұраныс қабылданады. ВАҚ қызметіне алыстағы пайдаланушыларға кітапхана қорларынан электронды және толық мәтінді құжаттарды жеткізіп беру жатпайды.
Анықтамалық қызмет мынадай мәселелерді қарастырмайды: қате құрастырылған сұраныстар; математикалық, физикалық, химиялық және т.б. есептер шешумен байланысты, коммерциялық сипаттағы (мысалы, сату-сатып алу туралы ақпарат); заңдар мен нормативтік актілерге түсінік беруге байланысты жолданған сұраныстар; дайын рефераттарды, курстық және басқа да жұмыстарды талап еткен сұраныстар; көңіл көтеру сипатындағы (кроссвордтардың, викториналардың сұрақтарына жауап беру және т.б.) сұраныстар; кітапхананың жұмыс тәртібі, қызмет көрсету регламенті және ОӘҒК қорын пайдалану. Бұл мәліметтер кітапхана сайтында бар.
Жөнсіз сұрақтар мен сөздерді алып тастауға құқығымыз бар.